$ 498.34  519.72  4.85

Оңтүстік Осетия Ресейге қосылуға ниетті

Оңтүстік Осетияда 10 сәуірден кейін Ресейге қосылу туралы референдум ұйымдастырмақ
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

10 сәуірде мойындалмаған республика басшысын сайлаған соң Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы жөнінде референдум өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Осетияда 10 сәуірден кейін Ресейге қосылу туралы референдум ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұл туралы мойындалмаған республиканың басшысы Анатолий Бибилов мәлімдеді.

Бөлінген осетин халқының басты тарихи, стратегиялық мақсаты – бір мемлекет аясында бірігу. Бұл мемлекет – Ресей Федерациясы (…) Тиісті заңды қадамдарды жақын арада жасаймыз, - деді Анатолий Бибилов.

Кейінірек Бибиловтың баспасөз хатшысы Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы туралы референдум 10 сәуірде өтетін мойындалмаған республика басшысын сайлаудан кейін өткізу жоспарланып отырғанын нақтылады.

Ал Абхазия басшылығы республиканың мұндай жоспары жоқ екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей