31.03.2022, 12:00

«Отбасы банк» депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

Еске салайық, бұған дейін «Отбасы банк» наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

«Отбасы банк» депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды  банктің баспасөз қызметі.

«2022 жылдың 31 наурызы мен 8 сәуірі аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. 2022 жылдың 31 наурызына дейін сатуға қойылған депозиттер 7 жұмыс күні ішінде 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін шарттарды өзгертпей жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк» наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Себебі, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек көрсетіледі.

Тегтер: отбасы банк