$ 446.49  475.38  4.79

Сотталған ер адам тергеу изоляторында қарнын жарып тастады (ВИДЕО)

Видеоға қатысты БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілі пікір білдірді.
https://www.youtube.com/watch?v=Q5UBYJxjMIk
https://www.youtube.com/watch?v=Q5UBYJxjMIk

Кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам Орал тергеу изоляторында қарнын жарып тастаған. Ер адам видеоүндеу түсірген. Видеода ол өліміне полиция тергеушісі мен үкім шығарған судьяны кінәлауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Желіде 31 наурызда Қазақстан Президентінің, Үкіметтің және құқық қорғау ұйымдарының атына жолданған видеоүндеу пайда болды. Ол АБ-170/1 мекемесінде түсірілген. Сотталған Виталий Туренков адам өліміне себеп болғанына өкінетінін және оның кісі өлтіру ойында болмағанын айтты.

"Әйелімді қорғауға шықтым. Ол мені көмекке шақырды. Мамандандырылған және апелляциялық соттар бұл істі ҚР Конституциясы мен заңына сәйкес жан-жақты қарамай әділетсіз үкім шығарды. Істі ақшамен шешу үшін миллиондарым жоқ. Өліміме мамандандырылған соттың судьясы Ермахановты, апелляциялық сотты және бұрынғы полиция тергеушісі Лұқпан Ахметовті кінәлауды сұраймын. Өлсем де, осы істі қараңыздар", - деді ол.

Осы сөздерден кейін Туренков азаматтардан балаларына бұл кадрды көрсетпеуді сұрап, ішін кеседі.

Видеоға қатысты БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілі пікір білдірді.

"Тергеу-қамауға алынғандарға дене жарақатын салу дерегі бойынша жедел жәрдем бригадасы шақырылып, медициналық көмек көрсетілді. Денсаулығы қалыпты, ауруханаға жатқызуға мұқтаж емес. Сонымен қатар, осы дерек бойынша Орал қаласы Абай Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Мекемеде видеоға түсіру дерегі бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары