$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда отыз үй су астында қалды

Су ауылдағы бес үйдің ішіне кіріп кеткен.

Павлодар облысында Рождественка ауылында қардың еріген суы 30 үйді басқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Су ауылдағы бес үйдің ішіне кіріп кеткен.

"31 наурызда сағат 17.47-де ТЖД әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі барысында Павлодар облысы, Рождественка ауылында, Абай көшесі, 67-үйге су кіргенін анықтады", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлары хабарлады.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдарымен суды сору жұмыстары жүргізілуде. Сағат 19.30-да Павлодар қаласының гарнизон жиыны жарияланып, бес адамнан тұратын облыстық ТЖД күштері мен құралдары тобы және техника су тасқыны болған жерге жіберілді. Бір сағаттан кейін ол жерге үш адамнан тұратын жедел-құтқару жасағы техникамен және резеңке қайықпен аттанды. Қазіргі уақытта еріген суды сору жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайлар департаментінде жағдайды қардың күрт еруінен туындаған су тасқыны деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары