$ 494.87  520.65  4.91

Боранбаевты қолдаушылар қатарына Паралимпиада комитеті және Қайрат футбол клубы қосылды

Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы болған.

Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитеті мен алматылық Қайрат футбол клубының ұжымы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, экс-президенттің экс-құдасы, миллиардер Қайрат Боранбаевтың тергеу ісін ашық әрі әділ өткізуді сұрады, деп хабарлайды malim.kz сайты.

«Қазақстандағы паралимпиада спортының әлемдік аренаға шығуы Қайрат Боранбаевтың атымен тікелей байланысты. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ол жеке қаражатына «Паралимпиадаға дайындалу орталығы» мен «Тарлан» мұз айдының салғызған. Онда тек спортшылар ғана емес мүгедектігі бар кез келген адам жаттығу жасай алады. Қайрат Боранбаевтың қызметі арқасында біз Орталық Азия елдерінің паралимпиада хабына айналып, әртүрлі елдердің мамандарын кәсіби даярлықтан өткіздік.  Оның қолдауы қазақстандық спортшыларды  «Рио-2016»-дағы алғашқы алтыны, «Пхенчхан-2018»-дегі алтын медаль, «Токио-2020»-дағы алты медаль,  «Пекин-2022»-дегі қола медаль алуға жеткізді», - деп жазылған Паралимпиада комитетінің хатында.

Алматылық Қайрат футбол клубының хатында да Боранбаев кезінде қазақстандық футболдың даму қарқыны мен нақты осы клубтың жетістіктері жазылған. Ақпаратқа сүйенсек, бұл хатқа клубтың ардагерлері саналатын адамдар да қол қойған. Олардың қатарында Құралбек Ордабаев, Владимир Никитенко, Самай Смақов, Сейілді Байшақов пен Вахид Масудов бар.

Екі хат та Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бағытталған. Олар Тоқаевтан Қайрат Боранбаевтың тергеу ісі әділ әрі ашық өтуін сұрайды.

Айта кетейік осыған дейін Алматыдағы «Целинный» мәдениет орталығы Боранбаевты қолдап Тоқаевқа хат жазған еді.

15 наурызда БАҚ өкілдері кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы болған. Ол Forbes Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімінде бар.

17 наурызда сот оны квазимемлекеттік сектордан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен 2 айға қамауға алғаны белгілі болған.

14 наурызда тұңғыш президенттің тікелей туыстары қатарынан алғаш рет Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынған.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары