Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мәселелерін, сондай-ақ қыркүйекте болатын жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады.
Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал және қалыптасып отырған дағдарыстан шығу жолдары жөнінде пікір алмасты.
«Қазақстан Президенті бейбіт тұрғындардың, ең алдымен, әйелдер мен балалардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық білдірді және қақтығысушы жақтар оқ атуды доғарып, Украинада бейбіт келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдайды деп үміттенетінін айтты», делінген хабарламада.