$ 494.87  520.65  4.91

Өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 170-ке жетті.

Өткен тәулікте алдыңғы күнге қарағанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жағдайы артық тіркелді. Еліміздің тоғыз өңірінде КВИ бойынша бір де бір жағдай анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 2 сәуіріндегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтерді жариялады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 3,

Алматы қаласында - 9,

Шымкент қаласында – 1,

Алматы облысында - 1,

Шығыс Қазақстан облысында - 1,

Қостанай облысында - 2,

Павлодар облысында - 2.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 170-ке жетті.

Қазақстанда 72 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 1,

Ақмола облысында - 1,

Алматы облысында - 3,

Жамбыл облысында – 7,

Қарағанды облысында - 58,

Маңғыстау облысында - 2.

Елімізде барлығы 1 289 882 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары