$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында тасжолды су шайып кетті

Бұл учаскеде қалпына келтіру жұмыстары басталған.

Ақтөбе облысында еріген су жолдың бір бөлігі шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірде сағат 17:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) республикалық маңызы бар А-27 "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханьға)" тасжолының 283-шақырымда, Жарлы кентінде еріген су қарқыны көбейіп, су өткізу құбыры шайылып кетті. 

"Эрозияның қайталануы - көп мөлшердегі еріген суға байланысты. Бұл учаске уақытша қалпына келтіріліп, бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 1.30-дан бастап көлік қозғалысына шектеу алып тасталды", - деді компания өкілдері.

Бұл учаскеде қалпына келтіру жұмыстары басталған.

Су тасқынына қатысты жағдайы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ерекше бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары