03.04.2022, 04:41

Маңғыстау облысында 26 жастағы қыз іс-түссіз жоғалып кетті

Фото: ашық дереккөз
Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа.

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 26 ​​жастағы тұрғыны Айдана Айтаева 29 наурыз күні сағат 11:00 шамасында шығып, қайтып оралмаған,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 "Лада" басылымының хабарлауынша, полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің, коттедждердің, қараусыз қалған және құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлердің шатырларын тінтуде.

Сипаттамасы: бойы 160-165 см, орта денелі, шашы иығына дейін.

Үстінде тізеге дейін түсетін сұр күрте, көк джинсы шалбар, қара етік болған.

Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа.

Бойжеткенге қатысты кез келген мәліметі Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 8 (72932) 2-11-79, 8 (700) 362-30-03, 8 (701) 302-60-33, 8 (702) 596-73-71 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.