3 сәуірде Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Атырау облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады.Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 метр жел соғады, екпіні – секундына 23 метр.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метр болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, батыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, солтүстігінен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғып, екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында дауылды ескерту жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
3 сәуірде күндіз Жамбыл облысында, 4-5 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.