$ 498.34  519.72  4.85

Жаңа Қазақстан ба, әлде Жаңа Венеция ма?

Батыс Қазақстан облысының екі елді мекенінде 170-тен астам тұрғын үйді су басты.

Қазақстанның батысында күшті су тасқыны болды деп жазды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысының екі елді мекенінде 170-тен астам тұрғын үйді су басты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жергілікті әкімдік және Шекара қызметінің күшімен 637 адам эвакуацияланған, олардың жартысы мектеп пен балабақшаға орналастырылды.

«Құтқарылған 305 адам, оның ішінде 89 бала М.Б. Ықсанов атындағы мектеп-балабақшаға, 332 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. Таловка ауылында 2 тұрғын үй су астында қалды. 8 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 2 бала туыстарының үйіне орналасты», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов су тасқынының зардаптарын жою жөнінде министр мен әкімдерге тапсырма берген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары