04.04.2022, 18:20

Ресей әскері Украинаға қарсы соғысудан жаппай бас тартып жатыр

Сонымен қатар, әскерилер жұмыстан кету туралы өтініш жазуда.

Ресей әскерилері Украинаға қарсы соғысудан бас тартып, жұмыстан кету туралы жаппай өтініш жазып жатыр, деп Украина Қарулы күштері Бас штабының баспасөз орталығы мәлімдеді.

«Батыс әскери округінің 20-шы жалпы әскери армиясының 3-ші мотоатқыштар дивизиясының түрлі деңгейдегі командирлері ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартты. Сонымен қатар, әскерилер жұмыстан кету туралы өтініш жазуда. Оңтүстік әскери округінің 58-ші жалпы әскери армиясының құрамынан 4-ші әскери базаның 2 батальондық-тактикалық топтарының жеке құрамы Украина аумағында ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартты. Оларды тұрақты орналастыру пункттеріне қайтару жоспарлануда» деп хабарлады Бас штаб.

орда.кз