Түркістан облысында жеке тұрғын үйдегі ірі өрт салдарынан екі бала қаза тапты.
«Жалпы ауданы 255 шаршы метр екі қабатты тұрғын үй толығымен жанып кетті. Өрт салдарынан бірінші қабаттың 60 шаршы метр шатыры опырылған. Оқиға орнынан 2007 және 2009 жылы туған екі баланың мәйіті табылды», деп хабарлады Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Сауран ауданы Байбайқорған ауылында болған.