$ 494.87  520.65  4.91

Боқаев «Namys» партиясын тіркету үшін құжат тапсырды

Алда ұзақ жол тұр. Бізді оңай тіркей салмайтындары анық. Күресетін боламыз!
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі саясаттанушы, қоғам белсендісі Санжар Боқаев «Namys» партиясын тіркеуге қажет құжаттардың алғашқы легін тапсырғанын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алда ұзақ жол тұр. Бізді оңай тіркей салмайтындары анық. Күресетін боламыз! Билікті естісін деп партия құрып жатырмыз. Парламент қабырғасында қарапайым азаматтардың мүдделері үшін нағыз шайқас болуы керек деп санаймыз. Тек осы жағдайда ғана елімізде утильалым сынды халыққа қарсы заңдар қабылданбайды. Билікпен бітеқайнасып кеткен олигархтар өте күшті болып тұр. Утильалымның қисынсыздығы жайлы мың сан дәлел келтірсек те, әлі күнге дейін утилизациялық қайта өңдеу және бастапқы тіркеу бойынша әділеттілікке қол жеткізе алмай келеміз. Билік құлақ асуға тырысса да ештеңе істей алмауының себебі бүкіл жүйені сыбайлас жемқорлықтың жайлағанында», – деп жазған ол қазіргі депутаттардың қауқарсыздығын келтіріп, өздері парламентке келсе, халық мүддесі жолында министрлерді сұрақтың астына алып, жемқорлардың қызметтен кетуін талап ететіндерін уәде етті.

Еске сала кетсек, президент Тоқаев биылғы жолдауында, елімізде партия құру жеңілдейтінін мәлім етті.

«Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды», - деді мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары