$ 494.87  520.65  4.91

Найзағай, жел, тұман: синоптиктер 6 сәуірдегі ауа райын жариялады

Солтүстікте, батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда – найзағай күтіледі.

Қазгидромет 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан өңірінің басым бөлігі жоғарғы кысым алқабының әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады. Тек солтүстікте, батыста, орталығында, оңтүстігінде, таулы аймақтарда өтіп жатқан фронтальды бөліктерінде жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда – найзағай күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, түнде және таңертең таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік шығысында шаңды дауыл күтіледі, батысында, солтүстігінде, оңтүстік шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстік шығысында тұман күтіледі, күндіз облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында – жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Күндіз Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары