06.04.2022, 14:20

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасына пәтер қашан беріледі?

Фото: REUTERS
Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.

"Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі", - деді премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.