Шығыс Қазақстант облысынан жаңадан құрылатын Абай облысына қандай елдімекендер берілетіні белгілі болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс бүгін, 6 сәуірде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланған.
Сонымен, алдағы уақытта ШҚО шекарасы 97,8 мың шаршы шақырым болып, оған Өскемен мен Риддер қалалары, сондай-ақ Глубокое, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары енбек. Облыстың әкімшілік орталығы Өскемен болып қала береді.
«Орталығы Семейде құрылатын Абай облысы 185,5 мың шаршы км аумақта орналасады және Семей мен Курчатов қалаларын, сондай-ақ Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарын қамтиды», – делінген деректе.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу мен Алматы облыстары қалай бөлінетіні мәлім етілді. Ендігі кезек Қарағанды облысынан өз еншісін алатын Ұлытау өңірінде болып тұр.