$ 445.66  474.58  4.78

Алматы облысында сұмдық жол апаты болды (ВИДЕО)

Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысында жоғарғы Қаскелең тас жолында автобус 8 жеңіл көлікпен және трактормен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлімдегендей, "Алматы – Жандосов" автожолында ЛиАЗ автобусының тежегіші істен шыққан. Салдарынан 35 жастағы жүргізуші жолшыбай кетіп бара жатқан тоғыз көлікпен – Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz-бен соқтығысты.

"Қаза болғандар жоқ. Автобус салонында отырған бірнеше жолаушы жүргізушімен бірге Қаскелең қаласының ауруханасына медициналық тексеріске жіберілді", - деді полициядағылар.

Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары