$ 448.89  477.93  4.76

Шаңды дауыл, жаңбыр, найзағай: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Қазгидромет 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Ал республиканың батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы оңтүстік циклон жырасының ықпалы әсер етеді. Мұнда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста, орталықта тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда – найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының батысында, шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Түркістан облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.

Түнде Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимад. останай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман түседі. Т

үнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-18 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдадығы 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары