Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 245-ке жетті.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 3,
Қарағанды облысында - 2,
Қостанай облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 2,
Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
Қазақстанда 86 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 290 364 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.