07.04.2022, 10:20

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: Маңғыстау облысы полициясы
Полицейлер мәліметінше, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда Жаңаөзендегі пәтерінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып, бір аптадан аса уақыт бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды inaktau.

Полицейлер мәліметінше, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда Жаңаөзендегі пәтерінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Екі қыз да 16 жаста. Фарида Рахат-4 шағынауданында, Тілектес Теңге ауылында тұрады.

Жаңаөзен полиция басқармасы өкілі жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Полиция қызметкерлері қыздардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.