Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында мұнаралы кран өртенді, деп хабарлайды sputnik.kz сайты.
Кран "Спорт Сити" жаңа тұрғын үй кешенінің алаңында тұр, деп жазды Astanovka паблигі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйдің 12-қабатына дейін көтерілген мұнаралы кранның кабинасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Краншы зардап шеккен жоқ – ол жанып жатқан кабинадан шығып үлгерді.
Өртті сөндіруге сегіз өрт сөндіруші жұмылдырылды, өрт 20 минутта оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталуда.