Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесін жуып жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап көз жұмды. Аталған деректі қалалық полиция хабарлайды
Қайғылы жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданында болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«1995 жылы туған азамат биіктен құлап кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр. Бұл факті Бостандық аудандық полиция бөлімінде тіркелді», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.