08.04.2022, 07:00

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

Атмосфералық фронталды бөліктің өтуі Қазақстан территориясың басым бөлігіне құбылмалы ауа райын алып келеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшеюі, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысында солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде батысы мен солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының солтүстігі оңтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдақдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігі мен орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігі, шығ,ысы мен орталығында тұман, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, орталығында шаңды дауыл соғады Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

ҚазАқпарат

 

Тегтер: ауа райы