Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өз араларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, Павлодар облысының полиция департаменті басшысының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстадық, - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Біріккен жедел тергеу тобы құрылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жарияланбайды.