$ 494.87  520.65  4.91

«Екі ай бойы аңдыған»: Алматылық дәрігердің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Пациент біраз уақыт аңдып жүрген екен.

Алматылық дәрігер Юрий Шумковты өлтірді делінген күдікті жәбірленушінің соңынан екі ай бойы аңдыған. Қылмысқа алдын ала дайындалған болса керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме беріп.

Автотұраққа түнде келіп, гастроэнтерологты сонда күткен. Ал таңертең ол дәрігерді тапаншамен атып өлтірген. Қылмыстың жай-жапсарын жәбірленуші жұмыс істеген емхана директоры айтып берді.

“Тергеушінің айтуынша, пациент біраз уақыт аңдып жүрген екен, түнгі сағат 2-де сонда оны күзетіп тұрған. Ол оның ізіне түскен, көлігі қай жерде тұрғанын білген. Сағат 9-да, 8:59-да болған дейді”, – дейді емхана директоры Ляйля Тәшенова.

Ұсталған адам Юрий Шумковтың науқасы болған дейді әріптестері. Дәрігерге үш рет барған. Бірінші рет тексеруге 1 ақпанда келген. Тамақ іше алмайтынына шағымданған, алайда қажетті зерттеуді жүргізуде қиындықтар туындаған.

Ер адам зондты өз бетімен шығарып алған. Келесі күні олар процедураны қайталауға тырысқанда, тағы болмай қалған. Науқастың өңеші түйіліп тұрған. Оны ЛОР дәрігерінен кеңес алуға жіберген. Шумков үшінші рет қана эндоскопиялық тексеру жүргізе алған. Содан соң дәрігер оған ем-дом шараларын жазып берген.

Ешқандай ұрыс-керіс, жанжал болмаған. Әріптестерінің айтуынша, марқұм болған дәрігер науқастарымен әрдайым жөнімен сөйлесетін және ешқашан жанжалдаспаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары