$ 494.87  520.65  4.91

«Алматы облысының әкімдігі ойынхана ғимаратына көшеді» – Әкімдік жауабы

Алматы облысының әкім аппараты Қапшағайдағы казинолардың бірінің ғимаратында орналасады деген ақпарат расталмады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Бұл жалған ақпарат, қауесет сөз. Жұмыс комиссиясы құрылды және қаладағы әртүрлі нысанды қарап жатыр. Әкім аппараты орналасатын ғимарат әлі қаралып жатыр» деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Сәрсеев.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ел халқына жолдауы кезінде бірнеше жаңа облыс құруға ұсыныс жасаған. Соған сәйкес Алматы облысы құрамынан Жетісу облысы бөлініп шығады деген. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынылды.

Жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала кіреді. Алматы облысында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары