$ 441.58  480  4.86

Геннадий Головкин жекпе-жектен кейін Мурата туралы пікір білдірді

Бұл жолғы қарсыласым Олимпиада чемионы әрі WBA тұжырымы бойынша чемпион болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін жапониялық қарсыласы Риота Мурата туралы пікір білдірді.

«Бұл жолғы қарсыласым Олимпиада чемионы әрі WBA тұжырымы бойынша чемпион болды. Болды емес, қазір де чемпион. Бүгін соны рингте көрсетті. Жапония жерінде осындай үлкен спорт оқиғасы өткеніне қуаныштымын. Өз елдеріміздің жарқын өкілдері ретінде жақсы шоу көрсете алдық деп ойлаймын», - деді Геннадий Головкин жекпе-жек аяқталғаннан кейін. Сондай-ақ, ол жанкүйерлеріне алғыс білдірді. «Өз жанкүйерлеріме алғыс білдіргім келеді. Әсіресе Қазақстаннан арнайы келген жақтастарыма рахмет айтқым келеді. Рахмет жігіттер! Алға, Қазақстан!» - деді боксшы.

Еске салайық, бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта жеңген болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары