Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 176 бала қаза тауып, 500-дейі жараланған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Украина Бас прокуратурасы мәлім етті. Әсіресе, Донецк, Киев және Харьков облыстарындағы жеткіншектер көп жапа шеккен.
Краматорск қаласындағы вокзалды зымыранмен атқылаудан 5 бала көз жұмып, 16-сы жарақат алды. Краматорскідегі оқиғадан кейін Одессада дүйсенбіге дейін кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді.
Краматорск қаласындағы вокзал зымыранмен атқыланып, 52 адам көз жұмды, 100-ге жуығы жараланды.