$ 494.87  520.65  4.91

«Соңғы үйімді сатып, 5 немереммен далада қалдым»: Танымал вайнерлер жарнамалаған пирамидаға қазақстандықтар 2 млдр ақша салған

Салымшылар Алматыдағы полиция департаментінің алдына жиналды. Басты талаптары, істі тікелей Ішкі істер министрлігінің өзі қарасын деп отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал вайнерлерді тартып, жарнама жасатқан "Mudarabaһ capital" қаржы пирамидасына 2 миллиардқа жуық қаражат салған салымшылар Алматыдағы полиция департаментінің алдына жиналды. Басты талаптары, істі тікелей Ішкі істер министрлігінің өзі қарасын деп отыр. Айтуларынша, нағыз алаяқтардың басым бөлігі бостандықта жүр, ал қамауға жазықсыз жандарды отырғызып қойған. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Қаржы пирамидасына салған қаражатымыздың ай сайын 20 пайызы көлемінде ақшасын алып отырамыз деп алданып қалған "Mudarabaһ capital"-дың салымшылары қылмыстық іс сиырқұйымшақтанып барады деп ашулы. Өйткені, бірінші ақпанда қылмыстық істі жүргізуден босатылған тергеуші әлі күнге дейін жәбірленушілерді тергеуге негізсіз шақырып жүр дейді. Қалтамызды қағып, өзімізді тақырға отырғызып кеткен нағыз кінәлілердің көбі бостандықта жүргені қынжылтып барады дейді. Сондықтан, істі Бас прокуратура немесе Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің қарауын талап етеді.

“Қаржы пирамидасының басқа да қатысушылары неге жазаланбайды, Сұлтанбаев Нұрлан, Ораз Әділет, Андрей Ча дегендер бар. Олар қайда? Олар біздің ақшаны алып алып, қазір бостандықта жүр. Тек Руслан Бурканов деген құрылтайшы отыр. Неге Айти маманын үй қамаққа отырғызып қойған? Рүстемов Тимур деген кеңес беретін қызметкер ол не үшін отыр? Біз олардың үсінен арыз жазған жоқпыз. Ал тікелей қатысы бар Алмаз Құрманғалиевті денсаулығына байланысты үй қамаққа жіберген”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Бағила Досмайылова.

Соңғы бір үйім бар, сол үйімді сатып, кішкене үлкендетіп, балаларға әйтеуір, менің баламның бес баласы бар, сол бес баласымен мен қазір қаңғырып далада қалдым. Ақшаның бәрін салдым”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Айсұлу Тербетбаева.

Алматы қаласының Полиция департаменті тергеудің әлі жүріп жатқанын айтты. Әлі іс сотқа жіберілмей тұрып, тағы бірнеше адам қолға түсетінін мәлім етті.

“Қазіргі таңда 11 сезікті анықталды. Соттың санкциясымен 11 сезіктінің екеуі қамауға алынды, тағы екеуі үй қамағында. Екі тағы адам ізідеуге жарияланды. Қалғандары іс материалдары бойынша сезікті боп танылуда”, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір нақты шығын мөлшерін анықтау үшін жүргізіліп жатқан экономикалық сараптаманың қорытындысы әлі дайын емес екен.

Күдікті деп танылған азаматтардың барлығының дүние-мүліктері мен есеп-шоттары арестке қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары