11.04.2022, 10:40

Әкімдік ботаникалық бақта балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді

Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін.
Елорда әкімдігі әлеуметтік желіде тараған ботаникалық бақтағы балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді.   Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғындар бақтағы тоғанда қырылып жатқан балықтарды түсірген болатын.   Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ботаникалық бақта балықтар өсірілмейтінін мәлімдеді.   Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ботаникалық бақтағы тоған қолдан жасалған және тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқарады.   "Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, тоғанға су арна арқылы келеді. Резервуардың тереңдігі - 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені тоған балықтың өмір сүруіне арналмаған"- делінген хабарламада.   Күн жылынғаннан кейін әкімдік тоғанда тазарту жұмыстарын жүргізеді.   sputnik.kz