$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ: Украин босқындар саны 4,5 млн-нан асты

Олардың 90%-і – балалар мен әйелдер.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы көрші елдерге 4 жарым миллионнан аса адам босып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 90%-і – балалар мен әйелдер. Жуырда БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы осындай мәлімет келтірді. Оған сай, украиналықтардың көбі Польшаға ауған. Бұл елге 2 жарым миллионнан астам азамат пана іздеп барыпты.

Жалпы БҰҰ келтірген дерек бойынша, украинадағы ахуалға байланысты ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған азаматтардың саны да жетерлік. Соңғы есеп бойынша, 7 миллионнан астам азамат үйін тастап кеткен.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары