10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовты іздеу барысында оның мәйітін тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердишовтың туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды. Мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғыздың шекара ведомствосы хабардар етілді.
«9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. Келесі күні ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ.А. Бердишовтың мәйіті табылды. Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады. Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ», - делінген хабарламада.
11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырған.
«Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Ұ.А. Бердишовтың туғандары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетуде», - деп жазылған баспасөз қызметінің мәліметінде.