Қостанайда полицейлер пышақ ұстаған ер адамды ұстады. Оны айықтырғыш орнына жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 сәуірде кешке "102" шұғыл байланыс желісіне әл-Фараби көшесіндегі үйдің ауласында пышақ ұстаған жас жігіт жүргені туралы бірнеше хабарлама келіп түсті.
Ер адам 440-бап, яғни "Алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ер адамның психоневрологиялық диспансерде тіркелген-тіркелмегені анықталады.