12.04.2022, 04:18

Қостанайда мас ер адам балаларды пышақпен қорқытқан

Фото: ашық дереккөз
Қостанайда полицейлер пышақ ұстаған ер адамды ұстады.

Қостанайда полицейлер пышақ ұстаған ер адамды ұстады. Оны айықтырғыш орнына жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 сәуірде кешке "102" шұғыл байланыс желісіне әл-Фараби көшесіндегі үйдің ауласында пышақ ұстаған жас жігіт жүргені туралы бірнеше хабарлама келіп түсті.

Ер адам 440-бап, яғни "Алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ер адамның психоневрологиялық диспансерде тіркелген-тіркелмегені анықталады.