$ 494.87  520.65  4.91

«7-20-25 бағдарламасы» ұзартылуы мүмкін

Бірақ қандай шешім болатыны әзірге белгісіз.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының мерзімін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы үкіметте министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, Индустрия министрлігіне қазақстандықтардан аяқталуға жақын «7-20-25» бағдарламасының мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түскен.

«Халықтар мен банктер бұл бағдарламаны жалғастыруды ұсынып отыр. Қазір біз де бұл мәселені көтеріп, Ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірге белгісіз. Біз бұл мәселені әлі талқылап жатырмыз» деді Өскенбаев.

Еске салсақ, бұған дейін «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары