$ 494.87  520.65  4.91

Binom мектептерінің 5 қабат болып салынғаны дұрыс па?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Binom мектептеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Binom мектептеріне байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Еске сала кетсек бұған дейін Ulysmedia.kz порталында Biglobal бас мердігері арқылы Нұр-Сұлтанда Binom Schools деген жалпы атаумен BI Group өз қаражатын жұмсамай мектеп салып жатқаны зерттеліп жазылған болатын. Мұндай тұжырымға портал тілшісі холдинг пен мемлекеттік ұйымдар арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ретінде ұсынылған жобаның құжаттамасымен танысу кезінде көз жеткізген.

Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке «осы мектептер 100 пайыз заңды схемамен салынды ма?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл жобалар жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Келісімшартқа қол қойылды. Тиісті мәслихаттар шешім қабылдады. Сол себепті бұл мәселеге байланысты бәленше деп айту меніңше дұрыс емес. Оны тиісті құзырлы органдар қарап, тиісті шешім қабылдауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ал «сіздің жеке пікіріңіз қалай? Мектептерді 5 қабат қылып салған дұрыс па? Балалар ауыр сөмкесімен биік қабатқа шығуы да, өрт болған жағдайда да бұл қауіпті емес пе?» деген сұраққа министр былайша жауап берді.

«Шетелдік тәжірибеде одан да биік мектептердің үлгісі бар. Сондықтан мәселе мектептің бір немесе екі-үш қабаттылығында емес – мазмұнында. Екіншіден, оқу жұмысын ұйымдастырғанда төртінші және бесінші қабатқа бірінші сыныптың балаларын емес, жоғары сыныптардың балаларын жіберу керек», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары