12.04.2022, 20:30

Қайрат Сатыбалдының «Қазақтелекомдағы» үлесі мемлекетке қайтарылды

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын» делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысында топтың ұялы байланыс операторларының бірін бәсекелес нарыққа шығару арқылы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын монополиядан шығаруды ұсынған болатын.

Сыйға тарту шарты бойынша акциялардың 24,95%-ын Skyline Investment Company S.A, ал тағы 3,85%-ын Alatau Capital Investment береді.

Бұл екі компания да Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі.

orda.kz