$ 448.15  483.46  4.86

Президент әйелдерге жасанды тырнақ, кірпік, ботокс жасауға тыйым салды

Шеберлер көрсеткен қызметі үшін, тіпті, 15 тәулікке қамауға алынады.

Түркіменстанда әйелдерге ботокс, кірпік ұзарту, тырнақ және татуировка салдыртқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сұлулық салондарының тұтынушылары заңды бұзғаны үшін 300-500 манат (38 000 - 64 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Ал шеберлер көрсеткен қызметі үшін, тіпті, 15 тәулікке қамауға алынады.

Салон қызметкерлері мұндай тыйымдар салынған жағдайда қалыпты жұмыс істеп, нәпақа таба алмаймыз деп шағымдануда.

«Сердар Бердімұхамедв президенттікке кірісуімен карантиндік шектеулерді алып тастай бастағаннан кейін біз жұмысқа енді ғана оралдық. Бірақ жұмысымыз тағы да шектелді. Ал енді неге біз де базарға барып қайыр сұрауымыз керек? Осылайша біз карантин кезінде қарызға баттық, оларды өтеуге әлі үлгермедік. Енді жұмыс істейміз бе дегенде, мынадай шектеулер қойылып жатыр», - дейді сұлулық салонының қызметкерлері.

Түркіменстан билігі тыйым салған косметикалық қызметтер әлемнің көптеген елдерінде қалыпты рәсім болып саналады және әйелдер оны еш кедергісіз қабылдайды.

Бірақ Түркіменстанда көптеген жылдар бойы әйелдерге сұлулық салондарының кейбір қызметтерін пайдалануға тыйым салынған. Бұл тыйымдар әдетте үкіметтегі жоғары лауазымды адам, атап айтқанда Ішкі істер министрі ауысқанда күшейтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары