$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысының әкімдігі мемлекетке 10 млрд теңге шығын келтірген

Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 млн теңге қалпына келтіріліп, 7,1 млн теңге өтелген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өткен жылдың соңында Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі және денсаулық сақтау саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 млн теңгені қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылданды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 млн теңге қалпына келтіріліп, 7,1 млн теңге өтелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары