$ 494.87  520.65  4.91

Болат Назарбаевтың Қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Еске салсақ, бұған дейін Болат Назарбаевтың қаңтар оқиғасы кезінде Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткені хабарланған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ведомствоаралық тергеу тобы Болат Назарбаевтың мемлекеттен қомақты көлемде ақша жымқыру фактілері мен оның Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға қатысы анықталып жатыр, деп хабарлайды orda.kz.

DALA инсайд дереккөзінің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдыны тергеу процесінің экономикалық кезеңі аяқталуға жақын. Оның да Қаңтар оқиғасын ұйымдастыру барысына қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу тобы жоғарыдағы істерге Болат Назарбаевтың қатысы бар ма, соны анықтайды.

Еске салсақ, бұған дейін Болат Назарбаевтың қаңтар оқиғасы кезінде Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткені хабарланған. Одан кейін оның елге қайтқаны туралы ақпарат болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары