$ 443.85  474.3  4.8

Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның президенті болып сайланды

Бұған дейін Өзбекстан Республикасы басшысының міндетін уақытша атқарып келген Шавкат Мирзиёев кезектен тыс өткен президенттік сайлауда жеңіп шықты.. Бұл туралы бүгін Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

ОСК төрағасының айтуынша, Шавкат Мирзиёев 88,61 пайыз дауыс жинаған.

Естеріңізге салайық, биыл 2 қыркүйекте Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, елде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу қажеттілігі туындады. Кеше 4 желтоқсан күні өткен осынау саяси додаға 4 үміткер қатысып, Шавкат Мирзиёевайқын басымдықпен жеңіске жетіп отыр. Оның сайлауда жеңіске жеңетініне ешкім күмән келтірмеді десе де болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары