13 сәуірде № 2 Қызылорда қалалық соты Қызылорда полиция басқармасының бұрынғы басшысын жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген «бопсалау арқылы пара алу» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемелерде өтейді.
Сонымен қатар, ол подполковник атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару мүмкіндігінен айырылды.