$ 494.87  520.65  4.91

«Каспийді құтқарыңыздар!»: Қоғам белсенділері теңіз суының тартылып бара жатқанын айтып дабыл қақты (ВИДЕО)

Каспий теңізіндегі су деңгейі 2006 жылдан бері азайып келеді.
Каспий таязданып, Ақтау жағасынан кері шегініп жатыр. Аймақ тұрғындары экологиялық мәселеге алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеограф Нұркен Тәжібай Түпқараған ауданындағы Жығылған ойпаты аймағында болды. Ол сол маңда түсірген видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Видеодан байқағанымыздай, Каспий теңізі уақыт өте таязданып жатыр.

Каспий теңізін құтқарайық, – деп жазды Нұркен Тәжібай өзі түсірген видеоның астына.

Бұл видео теңіздің таяздығы туралы алғашқы видео емес. Бір апта бұрын белсенді Азамат Сәрсенбаев та осы экологиялық мәселені көтерген еді.

Айта кетейік, Каспий теңізіндегі су деңгейі 2006 жылдан бері азайып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары