$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай әуежайы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталмақ

Осыған қатысты Ашық үкімет НҚА порталында Үкіметтің қаулы жобасы жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, облыстық ономастикалық комиссиясына Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсыновтың есімін беру жайында ұсыныс түскен. Ұсыныстардан соң осындай жарлық өз күшіне енді, деп жазады Skifnews.kz.

«Қостанай» халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», - делінген Үкімет қаулысының жарлығында.

Ахмет Байтұрсынұлы- қоғам қайраткері саяси «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист- ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы.

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады.

Айта кетейік, бұған дейін Орал әуежайы Мәншүк Мәметованың есіміне, Ақтөбе әуежайы Әлия Молдағұлованың есіміне, Атырау әуежайы Хиуаз Доспанованың есіміне берілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары