$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің 5 өңірінде ескерту жарияланды

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады.

«Қазгидромет» РМК 17 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с дейін артуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз 18-19 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Күндіз 17-19 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары