$ 443.35  475.54  4.82

Украиналық тұрғын Қадыров әскерін у қосылған ірімшікпен тамақтандырған (ВИДЕО)

Зейнеткердің айтуынша, ол егеуқұйрықтың уына ірімшік пісірген.

Киев облысындағы Бородянка қаласынының жергілікті тұрғыны "Қадыров жасағын" у қосылған ірімшікпен (брынза) тамақтандырған. Зейнеткердің айтуынша, ол егеуқұйрықтың уына ірімшік пісірген. Видеоны Бородянкаға барған журналистер желіде жариялады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

“Қадыров жасағына тышқанды өлтіруге арналған у қосып, брынза дайындап беру ойыма келді. Мен оны әзірлеп қойдым, бірақ оның оларға қалай әсер еткенін білмеймін. Мен егеуқұйрықтарды уладым. Менде тышқанның уы болды. Сөйтіп мен оларды дайындадым", - деді зейнеткер журналистерге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары