Криштиану Роналдудың жаңа туған ұлы шетінеп кетті. Бұл хабарды оның өзі естіртті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сәбиіміздің шетіеп кеткенін қайғыра хабарлаймыз. Бұл - кез-келген ата-ана үшін ең ауыр қайғы. Дүниеге келген қызымыз осы сынақты еңсеруге күш береді", - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.
Былтыр қазанда "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду егіздердің әкесі болатынын хабарлаған еді.
37 жастағы португалиялықтың төрт баласы бар: 2010 жылы туған Криштиану, 2017 жылы суррогат анадан туған Ева мен Маттео және 2017 жылы Джорджина Родригез дүниеге әкелген Алан.