$ 494.87  520.65  4.91

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд теңге төленді

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау мақсатында бірнеше жедел шара қабылданып отыр.

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні қаңтар оқиғаларының нәтижесінде алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОК субъектісі зардап шекті, оларға шамамен 38,6 млрд. теңге сомасына залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды. Аталған проблеманы шешу үшін 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау мақсатында бірнеше жедел шара қабылданып отыр.

Олар:

–ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;

– жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;

–салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары