$ 443.35  475.54  4.82

Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығының» Бас директоры қызметіне тағайындалды

Бұған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қасымжанов Қанат Сәкенұлы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, the University of Glasgow, Adam Smith Business School-ді бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ бастап, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да, «Еуразиялық банк» АҚ-да менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, Астана халықаралық қаржы орталығының бас менеджері лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары